русский язык
Футзал

Қазақстан - Аргентина: Кака шәкірттері ең мықты қарсыласын ұта ала ма?

Қазақстан - Аргентина: Кака шәкірттері ең мықты қарсыласын ұта ала ма?

Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионаты алдындағы соңғы сынақ кездесуін Аргентина құрамасымен өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кака шәкірттері 2022 жылдың ақпанынан бері қатарынан 14 матчта жеңілген жоқ. 2022 жылғы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы 1/4 финалға шығып, Украина құрамасынан жеңіліп қалды (3:5). Алдағы әлем чемпионатына дайындық барысында біздің жігіттер төрт бақылау кездесуін өткізіп, Тәжікстанды екі рет ұтып, Иранды бір рет жеңіп, бір ойында тең ойнады. Десек те, Аргентина құрамасы әлем чемпионаты алдындағы Қазақстанның ең мықты қарсыласы екені даусыз.

Аргентина құрамасы әлемдегі ең мықты командалардың бірі және Оңтүстік Америкада Бразилиядан кейінгі екінші орында. Оның үстіне «альбиселесте» соңғы екі әлем чемпионатының финалисті. Ал биылғы Америка кубогында аргентиналықтар финалда бразилиялықтардан ғана ұтылды. Әлем чемпионатына дайындық барысында олар бір ғана сынақ ойынын өткізіп, Францияны 5:3 есебімен ұтты.

Қазақстан мен Аргентина құрамалары тарихта бір-ақ рет кездескен. 2016 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде «альбиселесте» минималды есеппен жеңіске жетті.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы мынадай коэффициент береді: Қазақстанның жеңісіне – 2,72, Аргентинаның жеңісіне – 2,08. Бұл кездесудің тең аяқталу мүмкіндігі 4,35.

Бұл матчтан не күтеміз? «Қазақстан таймның бірінде жеңеді» деген бәске -1,66 коэффициент. Өйткені, соңғы алты кездесудің төртеуінде Кака шәкірттері бір таймда жеңіске жеткен.

Спортқа арналған ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;