русский язык
ММА

Рахмоновтың салмағындағы UFC жекпе-жегі төрешілердің шешімімен аяқталды

Рахмоновтың салмағындағы UFC жекпе-жегі төрешілердің шешімімен аяқталды

Қыркүйектің 7-нен 8-іне қараған түні Американың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 242 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде бразилиялық Гилберт Бернс пен америкалық Шон Брэди жұдырықтасты. Жекпе-жек бес толық раундқа созылып, нәтижесінде Шон Брэди Гилберт Бернсті төрешілер қабылдаған шешіммен жеңді (50-45, 50-45, 49-46).

Осылайша, америкалық қазір 18 жекпе-жекте 17 жеңіске жетіп, бір рет қана жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, осы салмақта бақ сынайтын Шавкат Рахмонов (18-0) америкалық Белал Мухаммадқа (24-3) қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;