русский язык

ҚФФ Қазақстан - Норвегия матчындағы көрермендерге қатысты мәлімдеме жасады

ҚФФ Қазақстан - Норвегия матчындағы көрермендерге қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан құрамасының Норвегияға қарсы өткен матчының билеттері тек онлайн түрде және ойынға үш апта қалғанда толық сатылып кеткенін хабарлайды. Онлайн сатылым кезінде бір сатып алушыға төрт билеттен артық сатылмады. Бұған қоса, міндетті түрде e-mail және байланыс нөмірі көрсетіледі.

Алып сатудың алдын алу мақсатында билеттер ойын күні матч басталуына 2 сағат қалғанда поштаға жіберілді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы матчқа 10 күн бұрын бірнеше мәрте хабарлап, қарбалас болмауы үшін стадионға ертерек келу туралы ескерту жасады.

Абай даңғылы, Байтұрсынов және Сәтбаев көшелеріндегі стадионның 7 кіреберіс ашық болды. Алайда Алматы қаласының Орталық стадионының инфрақұрылым ескірген, жоғары деңгейдегі матчтарды өткізуге арналмаған. Сондай-ақ заманауи турникеттер мен көрермендер ағынын басқару жүйесінің болмауына байланысты жанкүйерлердің жүрісін тиімді бақылау мүмкін болмады.

Бұған қоса, Freedom Ticketon мобильді қосымшасы бар билет операторында техникалық проблема анықталды. Мобильді қосымшадағы билеттерді сканерлеу жүйесінде ақау болып, тапсырыстың тексеру мәртебесі туралы визуалды элемент баяу жұмыс істеуіне байланысты ескі ақпаратты көрсеткен. Бұл ақауды іс-шара аяқталған соң жүйенің техникалық командасы анықтады.

Оның үстіне, билетті бірнеше мәрте қайта сату және жалған билет жасау сияқты алаяқтықпен айналысқан көрермендер де болғанын жасырмаймыз. Билеті жоқ адамдар да стадионға кіруге талпынып, соның арқасында стадионның кіреберісінде үлкен қарбалас болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;