русский язык
Басқа

Пара пауэрлифтингтен екі спортшымыз үздік ондыққа кірді

Пара пауэрлифтингтен екі спортшымыз үздік ондыққа кірді

Пара пауэрлифтингтен жарыс жолына шыққан Раушан Қойшыбаева 4-ші, Рахметжан Хамаев 6-шы болып аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz

Пара пауэрлифтингтен Раушан Қойшыбаева Париж-2024 Паралимпиада ойындарында 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 117 кг нәтижесімен 4-орынға тұрақтады.

Байрақты бәсекенің алтын медалін бразилиялық Мариана Д’Андреа 148 кг көтеріп, жеңіп алды. Күміс медальді өзбекстандық Рузa Құзиева 147 кг нәтижесімен иеленсе, қола медаль 120 кг көтерген түркиялық Сибель Чамға бұйырды.

Ал Рахметжан Хамаев Паралимпиада ойындарында 88 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 200 кг көтеріп, 6-орынмен аяқтады.

Осы санатта бірінші орынды Қытай Халық Республикасынан келген Ян Панпан 242 кг нәтижесімен жеңіп алды. Екінші орынды мысырлық Мохамед Элефат 224 кг нәтижесімен иеленсе, үшінші орынды украиналық Юрий Бабинец 214 кг көтеріп иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;