русский язык

Станислав Черчесов Эрлинг Холандқа қатысты пікір білдірді

Станислав Черчесов Эрлинг Холандқа қатысты пікір білдірді

Станислав Черчесов Эрлинг Холандқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Матч алдында Холандқа қарсы қару ойыншыларымыз болады деген едім. Марочкин, Қасым және Әліп оны тоқтата білді. Жігіттер Эрлингке бос кеңістік пен мүмкіндік бермеді. Екіншіден, Норвегия құрамасы Холандты паспен қамтамасыз ете алмады. Бір рет жіберіп алып, бағанаға тигізді. Бұл матч біздің ойыншыларға сенімділік сыйлайды деп сенемін», – деді Қазақстан құрамасының бас бапкері.

Айта кетейік, Норвегияға қарсы матч Черчесов үшін құрама бапкері ретіндегі дебюттік матчы болды.

Енді Қазақстан құрамасы 9 қыркүйек сырт алаңда Словениямен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;