русский язык
Басқа

Паралимпиада: Ескекшілеріміз финалға шыға алмады

Паралимпиада: Ескекшілеріміз финалға шыға алмады

Жаңыл Балтабаева мен Бибарыс Сыпатай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz

Бүгін Паралимпиада ойындарында VL3 класындағы 200 метрлік қашықтықта пара каноэдан бақ сынаған қазақстандық спортшы Жаңыл Балтабаева өз жарысын 1:02.13 нәтижемен аяқтады. Өкінішке орай, бұл нәтиже финалға өту үшін жеткіліксіз болды.

Ал ерлер арасында KL2 класында пара каноэдан 200 метрлік қашықтықта жартылай финалда өнер көрсеткен отандасымыз Бибарыс Сыпатай жарыста 45.47 секунд нәтижемен мәре сызығын кесті. Бұл нәтиже финалға өтуге мүмкіндік бермеді.

Енді екі спортшымызда В финалы арқылы төменгі орындар үшін таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;