русский язык
Әлем футболы

УЕФА Ұлттар лигасы: Франция өз алаңында Италиядан жеңіліп қалды

УЕФА Ұлттар лигасы: Франция өз алаңында Италиядан жеңіліп қалды

Франция құрамасы Ұлттар лигасында өз алаңында Италия құрамасынан сенсациялық түрде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Парижде өтіп, 1:3 есебімен италиялықтар жеңіске жетті.

Гол соққандар: Б.Барколя 1, Ф. Димарко 30, Д. Фраттези 51, Дж. Распадори 74.

Айта кетейік, бұл кездесуде Франция құрамасы айқын фаворит саналған болатын. Екі ай бұрын франциялықтар 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, ақыры құрлықтық турнирдің жеңімпазы атанған испаниялықтардан (1:2) ұтылып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;