русский язык
Единоборства

Паралимпиада-2024: қазақстандық дзюдошы қола жүлдеге таласта жеңіліп қалды

Паралимпиада-2024: қазақстандық дзюдошы қола жүлдеге таласта жеңіліп қалды

Қазақстандық пара дзюдошы Аяла Мереке Париждегі Паралимпиада ойындарында қола жүлде үшін белдесіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

J2 санатында (көру қабілеті нашар спортшылар) 70 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Аяла Мереке Токио-2020 ойындарының күміс жүлдегері грузиялық Инна Калданиге есе жіберді (1:0).

Айта кетейік, Аяла Мереке Париж Паралимпиадасының ширек финалында Токио-2020 ойындарының қола жүлдегері жапониялық Казуса Огавадан жеңіліп қалған еді.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде Париж Паралимпиадасының 7 жүлдесі бар. Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев және дзюдодан Ақмарал Науатбек алтын жүлдені қоржынға салса, оқ атудан Еркін Ғаббасов, жүзуден Нұрдәулет Жұмағали, дзюдодан Ерғали Шәмей күміс, ал жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков және дзюдодан Даяна Федосова қола жүлде жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;