русский язык
Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» «Трактордан» ірі есеппен жеңіліп қалды

ҚХЛ: «Барыс» «Трактордан» ірі есеппен жеңіліп қалды

Бүгін, 6 қыркүйекте ҚХЛ аясындағы «Барыс» - «Трактор» кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Астанадағы «Барыс Аренада» өтті. Кездесу 4:1 есебімен «Трактордың» пайдасына аяқталды.

Жеңімпаздар қатарында Михаил Котляревский (27, 30), Андрей Светлаков (39) және Виталий Кравцов (59) голдың авторы атанды. Алаң иелерінің жалғыз шайбасын Руслан Оспанов соқты.

9 қыркүйекте «Барыс» өз алаңында хабаровскілік «Амурды» қабылдайды.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Трактор» (Челябинск, Ресей) 1:4 (1:0, 0:3, 0:1)

Шайбалар:

1:0 — 02:26 Оспанов (Камалов, Данияр)
1:1 — 26:32 Котляревский
1:2 — 29:08 Котляревский (Николаев, Шаров)
1:3 — 35:58 Светлаков (Сикьюра)
1:4 — 58:45 Кравцов (Шабанов, Кэмпфер) бос қақпаға

Қақпашылар: Маттссон — Фукале

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;