русский язык

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы матчында Норвегиямен тең тарқасты

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы матчында Норвегиямен тең тарқасты

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Алматы қаласында өткен матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Кездесу барысында Қазақстан құрамасы Норвегия қақпасына 5 соққы бағыттады. Ал Норвегия Шацкийдің қақпасына 20 соққы жасады.

Еске салайық, Станислав Черчесов шәкірттері Норвегияға қарсы екінші матчын 11 қарашада өткізеді.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан Словения құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Бұл ойын Любляна қаласында өтеді. Матч Астана уақытымен 23:45-те басталады.

Топта Қазақстан және Норвегиядан бөлек, Австрия мен Словения құрамалары да бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;