русский язык
Басқа

Паралимпиада жүлдегері Еркін Ғаббасовқа құрмет көрсетілді

Паралимпиада жүлдегері Еркін Ғаббасовқа құрмет көрсетілді

Париж Паралимпиадасының жүлдегері Еркін Ғаббасовтың ипотекасы жабылады, деп хабарлайды Prosports.kz

Цифрлық даму министрлігі пара оқ атудан Паралимпиаданың күміс жүлдегерін алғыс хатпен және «Үздік цифрландырушы» төс белгімен марапаттады. Сонымен қатар оның ипотекалық қарыздарын жабуға көмектесіп, 7 миллион теңгелік сертификат табыстады.

Еркін 2014 жылдан бері Көкшетаудағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді.

«Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз, ол Паралимпиададағы оқ ату бойынша Қазақстанға алғашқы медаль әкелді. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы»,-деп жазды ведомстваның баспасөз қызметі.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;