русский язык
Басқа

Екі спортшымыз пара каноэден жартылай финалға шықты

Екі спортшымыз пара каноэден жартылай финалға шықты

Жаңыл Балтабаева мен Бибарыс Сыпатай Паралимпиада ойындарында пара каноэден жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Жаңыл Балтабаева мен Бибарыс Сыпатай пара каноэден 200 метр қашықтықта іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жаңыл Балтабаева 200 м қашықтыққа VL3 класында сынға түсіп, 1:04.72 нәтижесімен іріктеуден сәтті өтті. Енді ол 7 қыркүйек күні, Астана уақыты бойынша 13:49-да өтетін жартылай финалда өнер көрсетеді.

Бибарыс Сыпатай KL2 класында 200 м қашықтықты 48.50 секунд нәтижесімен өтіп, жарыс жолын жалғастырады. Оның жартылай финалы да 7 қыркүйек күні, Астана уақыты бойынша 13:14-де өтеді.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;