русский язык
Теннис

Әйелдер арасындағы US Open 2024 турнирінің финалдық жұбы анықталды

Әйелдер арасындағы US Open 2024 турнирінің финалдық жұбы анықталды

Қыркүйектің 5-інен 6-сына қараған түні Нью-Йоркте әлемнің алтыншы ракеткасы америкалық Джессика Пегула мен WTA рейтингінде 52-ші орында тұрған чехиялық Каролина Мучова арасындағы US Open 2024 турнирінің жартылай финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пегула үш сетте 1:6, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша финалдық жұп белгілі болды. Шешуші кездесуде америкалық Джессика Пегула мен бұған дейін WTA рейтингінде 12-орында тұрған АҚШ өкілі Эмма Наварроны жеңген беларусь теннисшісі Арина Соболенко өнер көрсетеді.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;