русский язык
ММА

Қазақстандық нокаутшы ірі турнирде жеңілмеген өзбекпен кездеседі

Қазақстандық нокаутшы ірі турнирде жеңілмеген өзбекпен кездеседі

Аралас жекпе-жектен Қазақстан өкілі Дидар Нағимолдановтың (4-1) OCTAGON 63 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дидар бүгінге дейін жеңіліп көрмеген өзбекстандық Мироншох Хусенов (4-0) кездеседі.

Қос қарсылас та мансабында үш реттен мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Айта кетейік, OCTAGON 63 шарасы 27 қыркүйекте Алматыда өтеді, кештің басты оқиғасында жеңіл салмақта өзбекстандық Сухроббек Атажанов (7-1) пен қырғызстандық Руслан Қасымалыұлының (8-0) кездеседі.

Турнирдің хедлайнері атақты қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар (7-3) болмақ, ол үнділік Кушал Вяспен (11-16) төбелеседі.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;