русский язык
Единоборства

Мемлекет басшысы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады

Мемлекет басшысы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Ақмарал Науатбекті Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Сіз ел мерейін асырып, спорт жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйладыңыз. Қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында ең мықты қарсыластарыңыздан басым түстіңіз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!», - деп жазды Президент өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, қазақстандық пара дзюдошы Ақмарал Науатбек Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;