русский язык

Норвегия құрамасының бас бапкері қазақстандық футболшыны атап өтті

Норвегия құрамасының бас бапкері қазақстандық футболшыны атап өтті

Норвегия құрамасының бас бапкері Столе Сольбаккен УЕФА Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы матчқа дайындық туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Қазақстан құрамасының әрбір ойыншысын жақсы білеміз. Олар Дания мен Финляндияны жеңген болатын. Бұл ойындарды көрдік және алдыңғы бас бапкер мен қазіргі жаттықтырушыны салыстырдық. «Силькеборг» командасында Рамазан Оразов ойнайтынын білеміз. Біздің топтағы командалардың бәрі бір деңгейде. Әрбір команда бір-бірінен ұпай тартып ала алады», — деді Сольбаккен.

Айта кетейік, Қазақстан мен Норвегия арасындағы матч 6 қыркүйекте Алматыда өтеді. Ойын 19:00-де басталады.

Мартин Эдегор Қазақстанға қарсы матч алдында мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;