русский язык
Басқа

Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали Париждегі Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұмағали 100 метрге браст әдісімен жүзуде екінші орын алды - 1:04.83. Ол Германия спортшысынан ғана қалып қойды.

Нұрдәулет Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері атанған болатын. Осылайша, Паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды.

Осылайша, Қазақстан қоржынына 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында бесінші медаль түсті. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен Давид Дегтяров және пара дзюдодан Ақмарал Науатбек чемпион атанса, Еркін Ғаббасов нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алған еді. Ал жеңілатлет Дастан Мұқашбеков Паралимпиада ойындарында қола медаль иеленген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;