русский язык
Басқа

Паралимпиада-2024: Альфия Тілекқабыл алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

Пара дзюдодан 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Альфия Тілекқабыл бірінші айналымда Молдова өкілі Ина Чернеймен белдесіп, қарсыласын иппонмен жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің бапасөз қызметінен мәлім болды.

Жерлесіміз келесі айналымда украиналық Анжела Гаврюсьюкпен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;