русский язык
Басқа

Қазақстанда алғаш рет стенд атудан Азия кубогі өтеді

Қазақстанда алғаш рет стенд атудан Азия кубогі өтеді

Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген стенд ату спортынан алғаш рет Азия кубогі Қазақстанда өтеді.

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогі өтеді. Бұл дүбірлі дода 20-30 қыркүйек аралығына жоспарланған. Құрлықтық додаға Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысады. Жарыстың басты мақсаты - ату спортының танымалдығын арттыру, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Айта кетейік, стенд атудан Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасында жүлдеге іліккен жоқ. Олимпиадада Қазақстан намысын үш спортшы қорғаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;