русский язык
Басқа

Бокстан Азия чемпионаты: Жартылай финалға шыққан жасөспірімдер белгілі болды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында бокстан жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Құрлық додасынан Қазақстан атынан жалпы есебі 56 боксшы қатысуда. Біздің команда сапынан 39 жас боксшы жартылай финалға шықты.

Ал Мадина Нұрманова (64 келі) мен Кәусар Сангумбай (70 келі) кіші жасөспірім қыздар арасында ақтық сынға жолдама алды.

Айта кетелік, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты екі жас дәрежесі бойынша ұйымдастырылуда.

Құрлықтық бәсекеге 2008-2009 және 2010-2011 жылы туылған жас боксшылар қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;