русский язык
Басқа

Астанада Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындық тексерілді

Астанада Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындық тексерілді

Жарыстарды өткізу жөніндегі штаб мүшелері елорданың коммуналдық, медициналық, полиция және өрт сөндіру қызметтерінің дайындығын тексерді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Штаб мүшелері бірқатар нысанды – Ұлттық музей, «Думан» қонақ үйі, этноауыл, «Қазанат» ипподромы, жекпе-жек сарайы және «Астана Арена» нысандарын тексерді.
Қазіргі уақытта барлық қызмет мамандарының тұратын орындары анықталды, тамақтану мәселелері және т.б шешілді. Барлығы 150 медицина қызметкері тартылады.
Бұдан басқа, іс-шараларды өткізу кезеңінде барлық коммуналдық қызметтің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;