русский язык

Қазақстан — Мальта матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан — Мальта матчының тікелей трансляциясы

5 қыркүйекте Алматыда футболдан 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Мальта жастар құрамалары арасында кездесу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан - Мальта матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

26 наурызда өткен кейінгі ойында Қазақстан жастар құрамасы өз алаңында Венгриядан ұтылып қалды – 0:3. Мальта құрамасына келсек, сырт алаңда Бельгиядан жеңілді – 1:2. Қазіргі уақытта «В» тобындағы турнир кестесі келесідей: Испания – 16 ұпай (6 матч), Шотландия – 13 (6), Бельгия – 13 (7), Венгрия – 10 (7), Қазақстан – 3 (6), Мальта – 0 (6).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;