русский язык
Басқа

Қазақстанда алғаш рет стенд атудан Азия кубогы өтеді

Қазақстанда алғаш рет стенд атудан Азия кубогы өтеді

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогы өтеді.

Турнир 20-30 қыркүйек аралығына жоспарланған. Құрлықтық додаға Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысады.

Жарыстың басты мақсаты - ату спортының танымалдығын арттыру, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Айта кетейік, стенд атудан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында жүлдеге іліккен жоқ.

Олимпиадада Қазақстан намысын үш спортшы қорғаған болатын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;