русский язык
Басқа

Давид Дягтерев Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды

Давид Дягтерев Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды

Қазақстан қоржынына Париждегі Паралимпиада ойындарының алғашқы алтын медалі түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

54 келіге дейінгі салмақта пауэрлифтші Давид Дягтерев бірінші орын алды. Ол финалда 188 келіні еңсерді. Куба спортшысы 185 келімен күміс медаль еншілесе, 179 келіні көтерген қытайлық қола жүлде алды.

Осылайша, Дягтерев екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. 28 жастағы спортшы Ақмола облысы Атбасар қаласының тумасы. 2018 жылы Паразиадада күміс медаль иеленген.

Ал 2021 жылы Токио Паралимпиадасында алтын жүлде жеңіп алған еді.

Айта кетейік, Дегтярев - Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарының чемпионы атанған екінші спортшы. 2016 жылы Риода жүзуден Зүлфия Габидуллина топ жарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;