русский язык
Единоборства

Күрестен әлем чемпионаты: Лаура Ғаниқызы қола медальға күреседі

Күрестен әлем чемпионаты: Лаура Ғаниқызы қола медальға күреседі

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде әйелдер күресінен белдесулер басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Лаура Ғаниқызы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады.

Лаура турнир барысында Польша және АҚШ балуандарын жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.

Алайда, финал жолдамасы сарапқа салынған белдесуде Лаура Ғаниқызы жапониялық Харуна Морикаваға есе жіберді.

Енді қазақстандық балуан әлем чемпионатында үздік үштікке ену үшін барын салмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;