русский язык
Хоккей

«Барысқа» оралған хоккейшінің миллиондаған жалақысы белгілі болды

«Барысқа» оралған хоккейшінің миллиондаған жалақысы белгілі болды

Хоккей шолушысы Михаил Зислис өзінің телеграм-арнасында астаналық «Барыста» ойнайтын қазақстандық шабуылшы Кирилл Панюковтің жалақысын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Панюков хабаровскілік «Амурдан» «Барысқа» оралғаны белгілі болған еді.

«Кирилл Панюков өзі бастаған жеріне оралды. Бұл бұрыннан белгілі еді. Нарықтағы ойыншылардың көптігін ескерсек, бұл ойыншы үшін жаман таңдау емес. Менің мәліметім бойынша, Панюков өте көп қаражат табады, рубльмен 20 миллиондай (шамамен 108 миллион теңге)», — деді Зислис өзінің телеграм-арнасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;