русский язык
ММА

Қазақстандық Самат Мамедов ONE FC лигасындағы дебют алдында жарақат алды

Қазақстандық Самат Мамедов ONE FC лигасындағы дебют алдында жарақат алды

Қазақстандық ММА файтері Самат Мамедов 6 қыркүйекте Денверде Азиядағы ең мықты лига ONE FC-дағы алғашқы жекпе-жегін швейцариялық Морис Абевиге қарсы өткізуі керек еді, бірақ жарақатына байланысты жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

«ONE және қарсыласым Морис Абевиден кешірім сұраймын. Барлықтарыңыз білетіндей, мен бұл жекпе-жекке көп уақыт пен күш жұмсадым. Менің мақсатым есте қаларлықтай әсерлі дебют жасау болатын. Мен мансабыма өте байыпты қараймын, сондықтан жекпе-жектен бас тарту – мен қалаған нәрсе емес. Өкінішке қарай, АҚШ-та, жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда, шынтағымнан жарақат алдым.

Бұл спорттың сәтсіз жағы. Қолымнан келгеннің бәрін жасап, тезірек қалпыма келіп, октагонға қайта ораламын. ONE-мен келісімшартқа отыруым саналы шешім болды және ұйымның дұрыс таңдау жасағанын дәлелдегім келеді. Сіздерді өз өнеріммен қуантуды асыға күтемін», - деп жазды Самат әлеуметтік желілерде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;