русский язык
Единоборства

Әлем чемпионы атанған дзюдошыны қазақстандықтар сән-салтанатпен күтіп алды (видео)

Әлем чемпионы атанған дзюдошыны қазақстандықтар сән-салтанатпен күтіп алды (видео)

Дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған Санжар Ерұланұлы елге оралды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан әлем чемпионын құрметпен күтіп алды. Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы Санжар Ерұланұлы елге оралды», - делінген Қазақстан дзюдо федерациясының хабарламасында.

Айта кетейік, Санжар Ерұланұлы Лимада (Перу) жасөспірімдер арасында өткен әлем біріншілігінде 90 кг салмақ дәрежесінде белдесіп, финалға дейін жетті. Ол ақтық сында украиналық дзюдошы Лебид Дмитродан уақытынан бұрын иппон ұпайымен басым түсіп, алтын медаль еншілеген еді.

Әлемдік рейтингте 5-орында тұрған Санжар Ерұланұлы жарысты екінші айналымнан бастады. Қазақстандық дзюдошы турнир барысында 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсылас шақ келтірген жоқ.

Бұл – Санжар Ерұланұлының әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. Осыған дейін ол 2024 жылы дзюдодан 90 кг салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанған. Енді Санжар бастаған дзюдошылар Алматыда өтетін Азия кубогында бақ сынайды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;