русский язык
Теннис

Данияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасы анықталды

Данияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасы анықталды

Теннистен Қазақстан құрамасы 14-15 қыркүйекте елордада Дэвис кубогының бірінші Әлемдік тобында Даниямен матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб аталған кездесуде ел намысын қорғайтын ойыншыларды жария етті.

Қазақстан сапында Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов және Александр Недовесов сынға түседі.

Дания құрамасының капитаны Фредрик Нильсен мына теннисшілерге сенім артты: Аугуст Хольмгрен, Йоханнес Ингилдсен, Эльмер Меллер, Филипп Херт және Кристиан Сигсгаард.

Дания құрамында әлемнің 15-ракеткасы Хольгер Руне жоқ.

Ойындар Астанадағы Beeline Arena орталығында хард төсенішіндегі корттарда болады.

Дэвис кубогының іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Түпнұсқасы: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;