русский язык

Александр Кержаков: «Кейбір жағдайларға көз жұмып қарай алмаймын»

Александр Кержаков: «Кейбір жағдайларға көз жұмып қарай алмаймын»

Александр Кержаков клубтан кету себебін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz

Белгілі болғандай, ресейлік бапкерлік қызметтен өз еркімен бас тартқан. Александр Кержаков бұл шешіміне байланысты пікірін де білдірді. Ресейлік жаттықтырушының айтуынша, клубтан кетуіне бір жағдайлар түрткі болған көрінеді.

«Кеше таңертең қызметімнен кету туралы өтініш жаздым. Мен үшін бұл шешім оңай болған жоқ, себебі әлі де осы жерде жұмыс істей бергім келді. Біз ойын өрнегі тұрғысынан айтарлықтай жетістіктерге жеттік, тәуір нәтижелер көрсеткен болатынбыз.Бізбен бірге «Қайрат» біраз уақыттан бері қолы жетпей жүрген турнирлік кестедегі көшбасшылық орынға көтерілді. Клуб біріншілік соңына дейін 6 тур қалғанда чемпиондыққа басты үміткер қатарынан саналады. Алайда, бас бапкер ретінде жұмыс барысында көз жұмып қарауға болмайды деп есептейтін жағдайлар болады. Олардың мән-жайын айтпаймын, клубтың өз ішінде қалсын. Команда мен футболшыларға жеңіс пен сәттілік тілеймін», - деді А.Кержаков.

Айта кетейік, «Қайрат» дәл қазір ішкі біріншілікте 32 ұпаймен көш бастап тұр. Ресейлік бапкер алматылық команданы мамырдың аяғында тізгіндеген еді. Осы аралықта Кержаковтың клубы ҚПЛ аясында 9 матч өткізіп, 5 рет жеңіске жетті. Сондай-ақ, 2 кездесуде қарсыластарымен ұпай бөлісіп, тағы екі бәсекеде жеңіліс тапты.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Түпнұсқасы: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;