русский язык

«Түркістан Арена» стадионы маусым ортасында қайта пайдалануға берілді

«Түркістан Арена» стадионы маусым ортасында қайта пайдалануға берілді

Күрделі жөндеуге жабылған «Түркістан Арена» стадионы маусым ортасында қайта пайдалануға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы «Тұран» футбол клубының Instagram-дағы парақшасында жазылған.

16,7 млрд теңгеге салынған спорттық нысан 2021 жылы ашылып, бір ойыннан кейін сыр берген еді. Стадиондағы матч кезінде жаңбыр жауып, футболшылар судың үстінде дoп тепкен болатын. Осы жағдайдан кейін стадион қайта жабылып, миллиардтаған ақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.

Айта кетейік, 14 қыркүйекте «Түркістан Аренада» Қазақстан Премьер-лигасының ХХ туры аясында ресми ойын өтеді деп жоспарланған. Жергілікті «Тұран» командасы қарағандылық «Шахтермен» кездеседі.

Еске сала кетейік, жөндеу жұмыстары жүргізілген екі маусымда «Тұран» өз алаңындағы кездесулерді Шымкент қаласындағы стадионда өткізіп жүр.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;