русский язык
Бокс

Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін жариялады

Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін жариялады

Танымал қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жақында!» деп жазды Жүкембаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін биылғы жылдың 22 мамырында Plant City қаласында (Флорида, АҚШ) өткізген болатын. Онда ол украиналық спортшы Иван Редкачты (24-7-1, 19 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental North Americas аймақтық титулын қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;