русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында бастапқы матчтарын өткізді

Қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында бастапқы матчтарын өткізді

Қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында бастапқы матчтарын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтардан WTA рейтингісінде 779-орында тұрған Соня Жиенбаева ғана жеңіске жетті.

Соня алғашқы айналымда әйелдер рейтингісінде 1330-орындағы норвегиялық Эмили Сартс-Лундемен (№ 29 ITF Juniors) сынға түсті.

Қазақстандық жас теннисші қарсыласын 7:6 (7:5), 6:3 есебімен қапы қалдырды.

Асылжан Арыстанбекова чехиялық Елиска Тишаковамен ойында бірінші партияда 3:1 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады – 6:7 (5:7), 1:6.

Бозбалалар арасында доданы іріктеу сайыстарынан бастаған Даниал Рахматуллаев алғашқы айналымда швейцариялық Флинн Томастан өте алмады – 6:7 (4:7), 2:6.

Қазақстанның басты үміті, ATP рейтингісінде 1033-сатыдағы Әмір Омарханов үшін биылғы US Open сәтсіз болды. Жарыстың 10-ракеткасы болып тіркелген Омарханов бразилиялық Луис Гуто Мигельге жол берді – 6:7 (3:7), 3:6.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Түпнұсқасы: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;