русский язык
Басқа

Аға бапкер күрестен әлем чемпионатын қорытындылды: Алтын аламыз деген мақсаттымыз болған

Аға бапкер күрестен әлем чемпионатын қорытындылды: Алтын аламыз деген мақсаттымыз болған

Иорданияның Амман қаласында өткен 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем біріншілігін отандық еркін күрес шеберлері екі медальмен аяқтады. Аға бапкер Дәулет Ниязбековтің айтуынша, команданың алдында алтын алу мақсаты болған, деп жазады Olympic.kz.

"Балуандарымыз алтын алу үшін барын салды. Аянып қалмады. Былтырғы әлем чемпионатынан кейін мақсатты түрде осы бәсекеге дайындалдық.

Ресейде өткен Сайтиевтің жүлдесіне арналған жарысқа қатыстық. Бекасыл Асамбек пен Едіге Қасымбектің чемпион атанарына күмәніміз болмаған.

Едіге өткен жылғы әлем чемпионатының күмісін алған соң, биыл алтын алуды мақсат еткен. Өкінішке қарай, жарыс жақындағанда аяғын ауыртып алды.

Бекасыл да жеребенің ауырлығына қарамастан, жақсы күресті. Осы әлем біріншілігінде толыққанды дайындық жүргізген едік. Енді жарыста кеткен қателіктерді түзеп, алдағы додаларға дайындаламыз", - деді Ниязбеков.

Айта кетелік, 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем біріншілігінің ізін ала, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем біріншілігі басталады. Испанияда өтетін турнирге Ризабек Айтмұхан бастаған балуандар қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;