русский язык

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына дайындығын бастады

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына дайындығын бастады

Алматыда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды.

Қыркүйекте Қазақстан ұлттық құрамасы В лигасы үшінші тобында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. Норвегиямен ойын 6 қыркүйек күні 19:00-де Алматының Орталық стадионында өтсе, Словенияға қарсы кездесу 9 қыркүйекте Любляна қаласындағы «Стожице» стадионында Астана уақытымен сағат 23:45-ке жоспарланған.

Ұлттық құрамаға шақыру алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);

Қорғаушылар: Сергей Малый («Ордабасы»), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Михаил Габышев («Елімай»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Талғат Кусяпов («КАМАЗ», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобол»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Рамазан Кәрімов («Астана»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;