Қазақстандық теннисші US Open-2024 турнирінің үшінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ Ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Путинцева екінші айналымда қытайлық Синьюй Ванды 6:1, 7:6 есебімен жеңді.
Кездесу 2 сағат 8 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисші 1/8 финал жолдамасын К.Плишкова (Чехия) - Я.Паолини (Италия) матчының жеңімпазымен сарапқа салады.
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!