русский язык
Басқа

Паралимпиада-2024: Милана Красавцева ширек финалға шықты

Паралимпиада-2024: Милана Красавцева ширек финалға шықты

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Жазғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық таеквондошы Милана Красавцева ширек финалға шықты.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, пара таеквондодан (К44 класс) Милана Красавцева (52 келі) іріктеу кезеңінде Доминикан Республикасынан келген спортшысы Геральдо Диаспен кездесті. Жекпе-жектің негізгі кезеңінде жеңімпаз анықталған жоқ. Қарсыластар 8:8 есебіне қанағат білдірді.

Қосымша раундта қазақстандық спортшы 10:8 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде ширек финалға жолдама алды. Алдағы қарсыласы - мексикалық Джессика Гарсия Куиджано.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;