русский язык
Хоккей

Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан хоккей құрамасының ойындары қай телеарнадан көрсетіледі

Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан хоккей құрамасының ойындары қай телеарнадан көрсетіледі

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының финалдық олимпиадалық іріктеу кезеңіндегі ойындары қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап

Финалдық олимпиадалық іріктеу ойындары Словакияның Братислава қаласында 29 тамыз-1 қыркүйек аралығында болады. Қазақстандық хоккейшілер Австрия, Венгрия және Словакия құрамаларымен кездеседі.

Жарыстың аталған сатысындағы барлық ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойындар кестесі:

29.08.2024. 17:00 – Қазақстан – Венгрия

30.08.2024. 17:00 – Қазақстан – Австрия

01.09.2024. 21:00 – Словакия – Қазақстан

Қазақстандық спортшылар Қысқы Олимпиадада 1998, 2006 жылдары бақ сынауға мүмкіндік алды. 1998 жылы жалпы командалық есепте сегізінші орынға тұрақтады. 2006 жылы топтық кезеңде бесінші орынды қанағат тұтып, жарысты жалғастырудан тыс қалды.

Ал 2002, 2010, 2014, 2018, 2022 жылдарда іріктеу кезеңінен аса алған жоқ.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;