русский язык
Басқа

Қазақстан әлем чемпионатында 8 медаль жеңіп алды

Қазақстан әлем чемпионатында 8 медаль жеңіп алды

Задарда (Хорватия) джиу-джитсу бойынша әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, жалпы медальдық есепте екінші орынға тұрақтады.
Бірінші орынды Израиль құрамасы алса, үздік үштікті Украина құрамасы түйіндеді.

Қазақстанға алтын медальдарды: Нұржан Батырбеков (69 келі), Әлинұр Қуатұлы (69 келі), Батыр Теңізбай (62 келі), Ерназ Мырзабеков (56 келі), Әли Иманвердиев (77 келі) және Жібек Құлымбетова (48 келі) әкелді. Галина Дуванова (57 келі) күміс, Ажар Салықова (63 келі) қола жүлдені еншіледі.

Айта кетейік, жарысқа 25 елден 400 спортшы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;