русский язык

Роналду: Өзімді болашақта футбол саласында көрмеймін

Роналду: Өзімді болашақта футбол саласында көрмеймін

Криштиану Роналду болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Дәл қазір қандай да бір команданың бапкері болу ойымда жоқ. Өзімді болашақта бұл салада көрмеймін. Футболдан басқа дүниемен айналысатын шығармын. Бірақ алда не күтіп тұрғанын бір құдай ғана біледі», – деді португалиялық шабуылшы.

2023 жылы 39 жастағы португалиялық «Манчестер Юнайтедтен» «Әл-Насрға» ауысқан болатын. Саудиялық клубта 67 ойын өткізген шабуылшы 61 гол соғып, 16 голдық пас берген.

39 жастағы форвавардтың «Әл-Насрмен» қазіргі келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;