русский язык
Басқа

Париждегі Паралимпиада алауының эстафетасына қатысатын әлем жұлдыздары кім

Париждегі Паралимпиада алауының эстафетасына қатысатын әлем жұлдыздары кім

Әйгілі Қытай актері Джеки Чан Парижде (Франция) өтетін Паралимпиада ойындары алауының эстафетесына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Паралимпиаданың ашылу салтанатына бірнеше сағат қалғанда болатын эстафетаға Джеки Чаннан бөлек әзілкеш және тележүргізуші Джарри, актриса Эльза Зилберштейн, рэпер Джорджио, ғарышкер Жан-Франсуа Клервой және тағы басқалары қатысады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 28 тамызда басталып, 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл жарыста қазақстандық 44 спортшы бақ сынайды. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен, атап айтқанда, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып ойнайтын волейбол, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдодан 33 лицензия жеңіп алды.

Премьер министр Олжас Бектенов Паралимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшыларға мемлекеттік туды табыстаған еді. Cондай-ақ параспортшылардың алғашқы легі Парижге аттанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;