русский язык
Теннис

Қазақстандық жас теннисшілер екі турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық жас теннисшілер екі турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандықтар Дамир Жалғасбай, Сәтима Төреген және Анастасия Крымкова жұптық сында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors турнирлерінде үздік шықты.

Д.Жалғасбай Барселонада (Испания) J100 жарысында жеңімпаз атанды. Қазақстандық теннисші франциялық Николь Робермен бірге финалда украиналық Максим Колобишко – испаниялық Ноа Лопезді 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Жекелей сында Дамир финалға дейін жетіп, шешуші бәсекеде испаниялық Тито Чавеске жол берді – 4:6, 1:6.

Өткен аптада Д.Жалғасбай Польшада J100 додасында озып шығып, соның нәтижесінде жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде ТОП-200-ге кірді. Өзбекстанның Ферғана қаласында ITF Juniors J100 турнирі аяқталды. Қыздар арасында Сәтима Төреген мен Анастасия Крымкова чемпион болды. Қазақстандықтар финалда ресейліктер Алена Харченко – Кира Плишвитчеваны айқын басымдылықпен ұтты – 6:3, 6:1.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;