русский язык
Басқа

Франция қалаларында паралимпиада алауы жағылды

Франция қалаларында паралимпиада алауы жағылды

Британдықтар Паралимпиада алауын француз спортшыларына табыс етті. Олар екі алауды Франция қалаларымен алып өтеді, деп жазады Еuronews.

Сток Мандевилл ауылынан шыққан алау ұстаушылар француз әріптестерімен жарты жолда кездесті. Олардың арасында паралимпиада қозғалысының және алғашқы паралимпиада ойындарының негізін қалаушы Людвиг Гуттманның шөбересі Лора Миллс бар.

Қале коммунасындағы туннельдің шығысында тағы 11 алау жағылды. Француздарды барынша паралимпиаданың алау жағу эстафетасына тарту және мүмкіндігі шектеулі жандардың өміріне жұртшылық назарын аудару мақсатында алау жағушылар Франция қалаларын аралап өтті.

Бұл рәсім 28 тамыз күні Парижде аяқталады. Дәл осы күні Паралимпиаданың негізгі алауы жағылады. Спорттық жарыстар 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;