русский язык
Басқа

Олимпиадаға қатысқан Мария Бровкова әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Олимпиадаға қатысқан Мария Бровкова әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Өзбекстанның Самарқан қаласында байдарка мен каноэ есуден ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында батысқазақстандық Мария Бровкова жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Мария 500 метр қашықтықта каноэ есуден қола жүлдені жеңіп алды.

Қазақстандық ескек есу шебері украиналық және чилилік спортшыдан кейін мәре сызығын үшінші болып қиды. Бұл – 19 жастағы Мария Бровкованың ересектер арасында әлем біріншілігіндегі алғашқы медалі. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасында топ жарған болатын.

Аталмыш чемпионат одан әрі жалғасуда.

Мария Бровкова сонымен қатар микстан (екі ер, екі әйел адам) 500 метр қашықтықта финалға шықты. Финалдық жүзу кейін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;