русский язык
ММА

Дамир Исмагулов мерейтойлық Alash Pride турниріне қатысады

Дамир Исмагулов мерейтойлық Alash Pride турниріне қатысады

Alash Pride лигасының негізін қалаған Данияр Қаскарауов 21 қыркүйек Ақтөбеде мерейтойлық, жүзінші турнир өтетінін әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sport Plus Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Кештің басты жекпе жегінде экс UFC файтері Дамир Исмагулов америкалық лигада өнер көрсеткен бразилиялық Адриано Мартинспен кездеседі.

Сонымен қатар, аталмыш турнирде Замзагүл Файзолланова мен Хожинисо Комолдинова (Өзбекстан) арасындағы белдік үшін матч-реванш та өтеді.

Одан бөлек, Саламат Исбулаев, Руслан Сариев, Георгий Майсурадзе, Аслан Утегалиев, Нұрхан Жұмағазы, Бобу Абдулазизов және басқа да спортшылар осы кеште жұдырықтасады деп жоспарлануда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;