русский язык
Единоборства

Бақдәулет Әкімжан еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бақдәулет Әкімжан еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан үздіктер қатарына енді, деп жазады Olympic.kz.

Еркін күрестен 65 келі салмақта сынға түскен Бақдәулет кіші финалда грузиялық балуаннан басым түсті.

Бұл аталған сында еркін күрес шеберлері жеңіп алған алғашқы жүлде.

Грек-рим күресінің өкілдері 2 күміс, әйелдер күресінің өкілдері 3 қола медаль еншілеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;