русский язык
Әлем футболы

Джуд Беллингем бір айға футболдан шеттетілді

Джуд Беллингем бір айға футболдан шеттетілді

«Реал» мен Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем жарақат алып, бір айға ойындардан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Ойыншы жұма күнгі жаттығу кезінде жарақат алып, оның оң аяғында табан фасцииті анықталған. ESPN мәліметі бойынша, Беллингем қыркүйектің ортасына дейін ойындарға оралуы тиіс.

Жексенбі күні «Реал» маусымдағы алғашқы үйдегі матчын «Вальядолидке» қарсы өткізеді. Беллингем осы маусымда екі матч өткізіп, бір ассист жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;