русский язык
ММА

Дамир Исмағұловты жеңген ресейлік «Наше Дело 85» турнирінде жеңіске жетті

Дамир Исмағұловты жеңген ресейлік «Наше Дело 85» турнирінде жеңіске жетті

23 тамызда Санкт-Петербургте өткен «Наше дело 85» турнирінде жеңіл салмақта Эдуард Вартанян мен Александр Грозин арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты MMA.Metaratings.ru-ға сілтеме жасап.

Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер шешіммен Вартанян жеңіске жетті.

Грозин кейінгі жекпе-жегін мамыр айында «Наше дело 83» турнирі аясында өткізіп, бірінші раундта Алекс Оливейраны нокаутқа түсірген болатын. Оның еншісінде 24 жеңіс, бес жеңіліс және бір тең жекпе-жегі бар.

Ал Вартанян кейінгі жекпе-жегін осы жылдың наурыз айында Санкт-Петербургте өткен «Наше дело 82» турнирінде кикбоксинг ережесі бойынша Дамир Исмағұловқа қарсы жекпе-жек өткізген болатын. Бұл жекпе-жекте Эдуард төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Оның ММА-да 26 жеңісі және төрт жеңілісі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;