русский язык

Футболдан Бірінші лиганың ХХІ туры мәресіне жетті

Футболдан Бірінші лиганың ХХІ туры мәресіне жетті

Футболдан Бірінші лиганың ХХІ туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл турда Жезқазғанның «Ұлытау» командасы сырт алаңда Өскеменнің «Алтайын» 4:0 есебімен сүріндірді. Аталған жеңістен кейін жезқазғандық клуб үздік үштікті түйіндеп тұр. Алдағы уақытта Премьер-лигаға берілетін екі жолдаманың біріне қол жеткізуге мүмкіндігі зор.

Ақтаулық «Каспий» соңғы төрт турда жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Екі мәрте тең түссе, одан кейін қатарынан екі мәрте жеңіске жетті. «Каспий» аталған турда өз алаңында «Жетісайды» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Турнир кестесінде екінші орында келе жатқан «Қайрат-2» жеңісті жолын жалғастырды. Олар өз алаңында Оралдың «Ақжайығынан» 3:2 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ аталған турда «Хан тәңірі» (Алматы) «Арыс» (Түркістан) командасын 3:2, «Tүркістан» «Ақтөбе-2» клубын 2:1, «Екібастұз» «Кайсар-2» клубын 3:0 есебімен жеңсе, «SD Family» (Астана) «Таразға» 1:2 есебімен есе жіберді.

Енді ХХІІ тур ойындары 29 тамыз күндері өткізіледі.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;