русский язык
ММА

Алматыда өтіп жатқан ММА турнирінің тағы бір жекпе-жегі аяқталды

Алматыда өтіп жатқан ММА турнирінің тағы бір жекпе-жегі аяқталды

Алматыда аралас жекпе-жектен OCTAGON 62 турнирінің басты кардының тағы бір жекпе-жегі аяқталды, деп жазады Prosports.kz

Жеңіл салмақта Мавлонбек Миркамилов (5-2-1) тәжік жауынгері Фархад Давлятовпен (8-3) кездесті.

Бірінші раунд жеңіске лайық болған Өзбекстаннан келген жауынгердің басымдылығымен өтті. Екінші бес минуттың басында Давлятов қарсылас аяғынан өтуге тырысты, бірақ Миркамиловтың қарсы шабуылы өз жемісін берді. Өзбек жауынгері тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.

Еске салайық, ко-мейн ивентте әзербайжандық Фарид Алибабазаде (12-7) қазақстандық Асқар Жақсылықовпен (5-1) жеңіл салмақтағы «уақытша» белбеу үшін күреседі.

OCTAGON 62 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы титул сарапқа салынады, онда қазақстандық файтерлер Константин Меркулов (5-3) және жеңілмеген Айбек Ахметов (3-0) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 62 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;